Күндізгі стационар
Күндізгі стационар
Қазіргі таңда Күндізгі стационар ЖОКДМО-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ауруханаға жатқызуды республикалық бюджет және ақылы қызмет есебінен қамтамасыз етеді. 2016 жылғы 1 маусымынан бастап, жеке құрылымдық бөлім ретінде 20 штат қалыптасып, олар үлкен сұраныстағы (аллерголог хирург, невропатолог, гинеколог, ревматолог, пульмонология, ЛОР, уролог) мамандар қызмет атқарады. Мұнда 64 төсек орын, олардың ішінде: 20 хирургиялық, 40 терапевтік төсек.
Бөлім меңгерушісі-ревматолог Таштамирова Г.А.
2017 жылға арналған күндізгі стационарлар дәрігерлерінің санаттары.
№ | Аты-жөні | Қызметі | Санаты | |
1 | Таштамирова Г.А. | Бөлім меңгерушісі-ревматолог | Екінші | |
2 | Алпысова А.И. | Гинеколог | Жоғары | |
3 | Абдрхманов Н.Ш. | Проктолог | Сертификат | |
4 | Аккошкаров К.Р. | Балалар анестезиологі | Жоғары | |
5 | Ахимбекова Б.А. | Терапевт | Жоғары | |
6 | Байбулатов Б.М. | Уролог | Жоғары | |
7 | Баймагамбетова Г.Д. | Аллерголог | Жоғары | |
8 | Бозаев М.Т. | Хирург | Жоғары | |
9 | Ким Д.А. | Терапевт | Жоғары | |
10 | Садуов Е.С. | Лор | Жоғары | |
11 | Муслимова К.З. | Невропатолог | Жоғары | |
12 | Раимбеков Е.К. | Ересектер анестезиологі | Сертификат |
Келесі ауруларды емдейді:
- Қан аурулары және иммундық жүйе
- Нерв жүйесінің аурулары
- Қанайналым жүйесінің аурулары
- Тыныс алу жүйесінің аурулары
- Асқорыту жүйесінің аурулары
- Терінің және тері астындағы тіндердің аурулары
- Тірек-қимыл аппаратының аурулары
- Жыныс жолдарының аурулары
- Әйелдердің ұрпақты болу жүйесінің аурулары